Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шілдеде елімізде 169,3 мың автокөлік тіркелген.
Бұл 2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда 1,8 есе көп. 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 миллион 15 200 көлік тіркелген. Оның 87,9%-ы жеңіл, 10%-ы жүк көлігі, 2,1%-ы автобустар.
Бір жылда республикадағы автомобильдердің жалпы саны 15% өсті. Қазақстанда ең көбі қозғалтқыш көлемі 1500-2000 см³ (45,1%) жеңіл автомобильдер болса, ең азы қозғалтқыш көлемі 4000 см³ (1,9%) жоғары автомобильдер.
"Қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында: 223 мың бірлік. Соымен қатар Алматыда 200,7 мың, Астанада 153,7 мың, Қарағанды облысында 151 мың және Шығыс Қазақстан облысында 137,4 мың автомобиль бар", — делінген статистика мәліметтерінде.
Сурет: Zakon.kz