Экономика / 29.02.2024 06:24

Абай облысы полицейлері синтетикалық есірткі сатушыларының қызметі тоқтатылды.

Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ұсталғандардың үйін тінту кезінде салмағы 500 г-нан асатын "мефедрон" психотроптық затын тауып, тәркіледі. Күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы барын растайтын ұялы телефондар тәркіленді.

Есірткі тұтыну үшін 1500-нан астам бір реттік доза сатылмақшы болған. Олардың "қара" нарықтағы алдын ала құны 20 млн теңгеден астам сомаға бағаланады.



"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заң бойынша он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген”, — деп атап өтті Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Теги: