image
Экономика / 15.10.2024 10:54

Доллар бағасы 493 теңгеге дейін қымбаттады.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,90 теңгеге көтеріліп, 487,42 теңге болды.

NUR.KZ сайтындағы айырбастау бағамы мәліметіне сәйкес, қазақстандық екінші деңгейлі банктерде долларды сатып алу-сату келесі бағам бойынша жүзеге асырылады

  • Астанада: сатып алу – 485,1-485,5 теңге, сату – 489,5-490,6 теңге; Алматыда: сатып алу – 485,1-487,5 теңге, сату – 489,5-490,6 теңге

. Сонымен қатар, Kurs.kz сайтында Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды мына бағамен сатып алуға және сатуға болады:

  • Алматыда: сатып алу – 487,5-489 теңге, сату – 489-493 теңге; Астанада: сатып алу – 485-486 теңге, сату – 490-491 теңге

Айта кетейік, өткен аптада доллар бағасының өсуі байқалды. Бірнеше күн бойы доллардың қымбаттауы биржада да, айырбастау пункттерінде де қымбаттады. Ең жоғарғы шарықтау кезінде оның құны бір долллар үшін 495 теңгеге жетті.

Сурет: ашық дереккөздерден

Теги: