Новости Казахстана / 13.03.2024 17:09

Танымал театр және кино актрисасы Зарина Кармен декреттік демалыстан кейін күйзеліке түскенін айтты.

Актриса кәсіби мансабындағы қиын кезеңнен қалай өткенін "1001" түн бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен екінші қызымды босанған кезде декретте кәдімгідей үш жыл отырдым. Ол кезде ковид болды, оның үстіне аналық сезімім күшейді ме екен баламен үйде отыруым керек деп ойладым. Үш жылдан кейін театрға жұмысқа шықтым. Осы жерде мені көптеген қыз-келіншектер түсінеді. Декреттен кейін өзіңді ешкімге керек емес сезінеді екенсің, көштен қалып қойғандай сезім болады. Өзімді бір кәсіби тұрғыдан қарайып қалғандай сезіндім. Ол кезде театрдан да маған рөл берілген жоқ. Жұрттың бәрін жамандап отырсаң, отыра бересің. Оның саған да, басқаға да пайдасы жоқ. Саған өмір берілді, мүмкіндік берілді. Сондықтан барынша өзіңді қолға ал да әрекет жаса. Содан мен магистратураға түстім. Осы жылы тәмәмдап, театр режиссёрі деген диплом аламын. Менің Асан Мажитов, Еркебұлан Дайыров деген достарым бар. Олар дос болғаннан кейін менің ішкі күйімді сезіп, менің сағым сынып кетпесін деп өздерінің жоспары бойынша ашылған театрда №37 деген спектакльде ойнатты. Мен сол жерде ішімдегінің барлығын шығардым. Бәлкім, мен сол жерде ішімдегін шығармасам, айналаға аяқтан шалды деген сияқты ренішім көп болар ма еді. Ал қазір ешкімге ренішім жоқ", — дейді өнер иесі.

Теги: