Что нового / 23.08.2023 16:07

Түркістан облысында Сырдария өзеніне шомылуға барған тұтастай бір әулеттің 11-і қаза тапты.

Аталған қайғылы жағдайға байланысты журналист Гүлмира Әбіқай тың дерекпен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналистің пікірінше, суға батқан адамдар өзенге шомылуға бармаған әрі олар киімдерін шешіп те үлгермеген. Сонымен бірге қаза болған марқұмдардың Айтбай әулетінің мүшелері екені белгілі болды.

«Ажал айтып келмейді адамдарға, Қарсы келер сенің-дағы шамаң барма? Құтылмассың одан сен ешқашан да. Мейлі дағы қамалсаң да қамалдарға…11 адамынан 1 күнде ажырап қалған Айтбай әулетіне қайғыра көңіл айтамыз», — деп жазды ол.

Қазіргі таңда облыстық ТЖД мәліметінше, суға кеткен 9-ының мәйіті табылған, қалған екеуін іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.