Танымал түрік аспазы Бурак Өздемір Түркістанға келіп, қаланың көркіне тамсанды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. |
Белгілі болғандай, түрік аспазы онда мейрамхана ашпақ екен.
«Әзірет Сұлтанды кітаптан оқыдым, алайда бірінші рет көруім. Түркістан біздің ата-жұртымыз. Бешбармақ жедік, өте дәмді болды. Түркістанда мейрамхана ашу – мен үшін үлкен мақтаныш», — деді ол.
Көпшілік аспаздың жылы ниетіне разы болған. Олар: «Қазақстанға қош келдің бауырым», «Ниетіңізге рахмет», «Мейрамхана ашсаңыз, тек риза боламыз, ісіңізге бере берсін» деп жазды олар.