Что нового / 06.12.2023 11:12

Редакциямыздың "Сіздің жаңалығыңыз" айдарына халық арасында "Треугольник" деп аталып кеткен ауданының тұрғындары қайта жүгінді.

Осыдан біраз уақыт бұрын сайтымызда "Семейліктер ауданындағы кемшіліктерді тізіп берді" деген атаумен мақала жарияланған. Онда тұрғындардың айтуы бойынша Бозтаев көшесіндегі бағдаршам істен шыққан, көшелерінде жарықтандыру жоқ, теміржолдан жасалған өткел өте ыңғайсыз болған.

Бүгін "Сіздің жаңалығыңыз" айдарына қайта хат келіп, өткел жөнделгені айтылды.

"Салеметсіздер ме, мен "Треугольник" ауданының тұрғынымын. 22 қарашада сіздерге хат жолдап, темір мостиктің жүргіншілерге өте ыңғайсыз жағдайда койылғаны туралы жазып едім. Сіздерге рахмет тұргындардың атынан, өткелді ауыстырды", деп жазды оқырманымыз.

Бірақ, тұрғындардың айтуы бойынша әлі шешілмеген мәселелер бар.

"Қараңғы ерте түседі, осы жолмен оқушылар, жүкті әйелдер, жасы үлкен кісілер жүреді. Жарыктандыру мен бағдаршам мәселесі әлі де реттелген жоқ. Жолдан өту кауіпті" — деп қосты.

Бұл сұрақты редакциямыз назарында ұстайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, WhatsApp желісінде +7 708 467 12 64 номірі бойынша "Сіздің жаңалығыңыз" айдарына өз хабарламаңызды жібере аласыз.

Сурет: тұрғындардан

Теги: