Что нового / 28.02.2024 06:10

Абай облысындағы ақылы жолдар арқылы жүрген жүргізушілердің берешегі алты миллион теңгеге жуықтаған.

Өңірде қазір "Омбы-Майқапшағай" трассасының "Павлодар-Семей-Қалбатау" аралығындағы жол ақылы болып саналады. Әзірге тек жүк көліктері үшін ғана. Қазір аталған бағытта жүріп өткен 2045 көліктің иелері берешектерін өтемеген. Төлем жүк тасымалтайтын техниканың салмағына қарай әртүрлі. Енді борышкерлерден қарызды өндіру үшін "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілдері, жол полициясы, көлік инспекциясымен бірлесіп рейдттер өткізбек. Оған көнбегендердің қарызын сот орындаушылар арқылы өндіру қолға алынады. Жалпы ақылы жолдан түскен қаржыға "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының Абай облысындағы филиалы өткен жылдан бері жолды күтіп ұстауға қажет 24 жаңа техника сатып алған.

"Қалбатаудан Павлодарға жеткенше, жүк тиелген үлкен жүк көлігіне 12500 теңге болады. Айта кетеміз, бұл түскен ақша жол ақылы болғаннан кейін ең бірінші ақылы жолдан түскен ақшаға сатып алынып жатыр. 5 миллион 900 мың дегеніміз ол да біраз техникамызға жарар еді. Біраз жанар-жағармайымызға жетер еді", — деді Айдын Ескенов "Қазавтожол" ҰК Абай облысындағы филиалының директоры

Сурет: "Қазавтожол" ҰК Абай облысындағы филиалының баспасөз қызметі

Теги: