Обозреватель / 12.12.2023 11:50

Қарашада жаңа құрылыстағы пәтер бағасы үш қалада: Алматыда, Ақтөбеде және Шымкентте төмендеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қарашада елде жалпы баға түсуі қазанмен салыстырғанда 0.7 %-ды құрады.

Пәтердің бір шаршы метрі айтарлықтай арзандаған қалалар:

— Шымкент (—3.4 %);

— Ақтөбе (—2.8 %);

— Алматы (—1.6 %).

Қарашада төрт қалада баға өскені байқалды:

— Ақтауда (+2.1 %);

— Семейде (+0.5 %);

— Қостанайда (+0.2 %);

— Көкшетауда (+0.1 %).

Қалған 13 өңірде бірінші нарықтағы баға қазан айындағы деңгейде қалды.

Орташа құны — 491 985 теңге.

Ең жоғары баға:

— Астанада — 588 834 теңге;

— Алматыда — 571 741 теңге;

— Шымкентте— 420 978 теңге.

Ең арзан пәтер Жезқазғанда — 160 мың теңге/ш.м, Ақтөбеде — 260 мың теңге/ш.м және Оралда — 278 мың теңге/ш. м.

Бір жылдағы бағаның өзгеруіне келетін болсақ (2022 жылдың қарашасына қарай), мемлекеттегі орташа көрсеткіш 3.2 % өсті.

Ең жоғары жылдық өсім:

— Павлодарда (+14.8 %);

— Петропавлда (+10.6 %);

— Ақтауда (+10 %).

Алматыда жаңа үйлер бір жылда 4.6 %, Астанада 2.3 % қымбаттады. Шымкентте бір жылда жаңа баспана 4.3 % арзандады.

Ақтауда бірінші нарықтағы минимал жылдық өсім небәрі 0.1% құрайды.

Қарағандыда жаңа құрылыстағы пәтердің бағасы өткен жылдың қараша айындағы деңгейде қалды.

Қазір қандай тұрғын үй кешендері салынып жатқанын және пәтер бағасын Krisha.kz сайтындағы «Жаңа құрылыстар» бөлімінен біле аласыз.

Теги: