Студенттердің стипендиясы 2025 жылға дейін екі есеге өседі. |
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова Жоғары білім және ғылым форумында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
"Студенттердің стипендиясы 2025 жылға дейін екі есеге өседі. Яғни 26 мың теңгеден 52 мың теңгеге дейін. Соңғы 3 жылдың өзінде университетте оқитын студенттің оқу ақысы 420 мың теңгеден миллион теңгеге дейін өсті. Бұл шамамен 2,5 есе", — деді Дүйсенова.
Ол стипендияны төлеу автоматтандырылғанын атап өтті.
"Стипендияны уақытында төлеу үшін ол Қаржы орталығы арқылы орталықтандырылған. Бұл процестің барлығы цифрландырылады. Ол университет пен министрліктің ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады", — деп айтты Үкімет мүшесі форумда.