Тема / 08.11.2023 16:19

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін 8 қарашада Қытайда болған бірнеше жер сілкінісін тіркеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, бүгін 00:09 кезінде Алматы мен қала маңында 2 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.

Табиғат апаты Қытайда болса да, оның күші Алматы қаласында, Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында 2 балл көлемінде сезілді.

Содан кейін Алматы уақытымен 00:15 және 00:52 кезінде тағы екі мәрте зілзала болды.

Соңыра 01:34 кезінде Алматыдан оңтүстікке қарай 311 шақырым жерде, Қытай аумағында тағы жер сілкінді.

Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты — 10.8. MPV магнитудасы — 4.8. Тереңдігі — 10 шақырым.

Алматы уақытымен 01:46-да зілзала тағы қайталанды.

Ең соңғы сілкіністің ошағы да Алматыдан оңтүстікке қарай 308 шақырым жерде Қытайда орналасқан.

Энергетикалық санаты — 9.9. MPV магнитудасы — 4.4. Тереңдігі — 10 шақырым.

Соңғы төрт зілзала Қазақстан аумағында сезілген жоқ.