|
ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев сенат отырысында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа қашан берілетінін айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Вице-министрдің айтуынша, Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жақын арада аяқталуға тиіс. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ерекше қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді.
"Сараптама аяқталған соң (іс. – Редакцияның ескертпесі) сотқа жолданады. Барлығы дайын деп айта алмаймын. Барлығы біткен соң, әуелі материалдарды сотқа тапсыру керек. Екі тарапты қарау керек. Бұған уақыт қажет", — деді Марат Қожаев.
2023 жылдың 30 қарашасында мәжіліс алаңында ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Қуандық Бишімбаев аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлады.
4 желтоқсан күні ҚР парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева Орталық Азия әйелдерінің диалогы конференциясы аясында Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты материал БҰҰ сайтында жарияланғанын айтты.