Политика / 14.03.2024 17:10

Алматы облысында прокурорлар мигранттарға арналған заңсыз пәтерлерді анықтады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыста 12 мыңнан астам шетелдік тіркелген 278 үй анықталды. Бұл үйлердің ішінде тұрғын үйлер де, мекенжайлары жоқ үйлер де болған.

"Мәселен, Қарасай ауданы, Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетел азаматы тіркелген. Осы фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарлады прокуратура.

Үш мың мигранттың мемлекет қазынасына 79 миллион теңге салықты төлемеу фактілері анықталып, өндіріп алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, сот шешімі бойынша, депортациялауға жататын 29 мигрант пен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 43 мигрант елден шығарылмаған.

Жалпы, тексеру аясында Алматы облысының прокуратурасы 600-ден астам көші-қон заңнамасын бұзу фактісін анықтап, 17 көші-қон полициясының қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.