Бүгінгі таңда облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 99,8 пайызды құрайды.
«Семей»ӘКК» АҚ тауар интервенцияларын ұлғайту есебінен қарақұмық жармасының бағасын 10 пайызға (келісі 295 тен 265 теңгеге), күнбағыс майын 7,7 пайызға (литрі 663 тен 612 теңгеге), 1-санатты тауық жұмыртқасын 1,6 пайызға (10 данасы 553 тен 545 теңгеге) дейін төмендетті.
Осы ретте сиыр еті, күріш және 1 санатты тауық жұмыртқасының құны республикамыздағы ең төмен бағалардың бірі екенін атап өткен жөн.
Бағаны ұстап тұру мақсатында облыс әкімдігі жыл басынан бері барлық аудандарда 169 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізді.
Облыста 42 сауда дүңгіршегінде тұрақтандыру қоры өнімдері саудалануда. Бүгінгі таңда 216 тонна күнделікті тұтынатын тағам мен 695 тонна көкөніс сатылды.
Сурет: облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі