Что нового / 29.02.2024 17:13

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов коммуналдық қызметтерге тарифтің өсуіне қатысты түсінік берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Бәріміз коммуналдық қызметтердің ақысын төлеп келеміз. Тұрғындар коммуналдық төлемдердің өскенін байқады. 20-25 пайыз шамасындағы өсім туралы айтсақ, бұл өз кезегінде орташа көрсеткіш. Себебі бізде бірқатар тарифтің түрі бар — ыстық суға, суық суға, жылытуға, электр қуатына. Бізде бірқатар өңір бар, яғни олардың кейбірінде тариф көбірек өсті, қалғандарында елеулі емес деңгейде», — деді Т. Жақсылықов.

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда тарифтерді көтеру маңызды болды.

«Тарифтерді көтеруге мәжбүрміз, бірақ коммуналдық қызмет көрсету жүйесі оларды көтермей жұмыс істей алмайды. Бұл салада инфрақұрылым әбден тозған. Жөндеу және жаңарту жұмыстарына қаражат қажет, олар тарифтен алынады. Қолданыстағы тариф жаңартуды енгізуге мүмкіндік бермеді», — деді вице-министр.