Полиция қызметкерлері ұрыны ізін суытпай ұстады.
Аягөз ауданының кезекші бөліміне Қарағандыда уақытша тіркелген шетел азаматынан өтініш келіп түсті, ер адам көлігінен ұрлық жасалғаны туралы хабарлады. Жәбірленушінің айғақтары бойынша сағат 01.00 – 03.30 аралығында белгісіз адам оның көлігіне кіріп, 10 мың теңге мен жалпы сомасы 100 мың теңгеге тауарды ұрлап кеткен.
"Полицейлер қонақ үйдің жанындағы бейнебақылау камераларын қарап, қаскүнемді анықтады. Ол ауданның 34 жастағы тұрғыны болып шықты", деді ПД баспасөз қызметінде.
Аталған факті ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сурет: ашық дереккөздерден