Алматы қаласындағы атауы жоқ саябаққа Ататүріктің есімі берілмек. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Шешімді қала әкімі мен мәслихат депутатары бірлесе қабылдаған. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
"Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, "Халық банкі" мен "Almaty Theatre" ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге "Ататүрік сквері" атауы берілсін", – делінген шешім жобасында.
Құжат қала әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, алғашқы ресми жарияланғаннан 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Шешім жобасы 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.