В Мире / 08.04.2026 02:36

Бұл шешім президенттің тапсырмасы аясында қабылданды.


Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы Қазақстанда педагогтердің білімін бағалау рәсімі тоқтатылғанын хабарлады.

"Құрметті ұстаздар. Сіздермен сүйінші жаңалықты бөлісемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұстаздарымыздың пәндік білімін бағалау тоқтатылды. Өте жақсы. Менің ойымша, мемлекет басшысы Сіздерге зор сенім артып, үлкен жанашырлық танытуда. Бұл туралы хат білім басқармаларына жолданды", – деді ол.

Айта кетейік, педагогтердің білімін бағалау – білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тесттер бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Алайда, ол жыл сайын мұғалімдердің наразылығын тудырып, үлкен пікірталасқа негіз болып келген.


Оқи отырыңыз:

  • Қазақстанда ұстаздардың білімін бағалауға кезекті өтініш қабылдау басталды
  • Асхат Аймағамбетов: Ұстаздарға атаққұмар болудың қажеті жоқ

Теги: